Мешіттің сәулетімен танысты
Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешіті өзінің сәулетімен де ерекшеленеді. Еліміздегі Алтынорда дәуіріндегі мешіттерге ұқсатылып салынғасын қазақы нақышымен де көз тартады. Сырттан келімді-кетімді қонақтар да мешітті араламай кетпейді.
Жақында «Glencore» компаниясының өкілдері мешітке ат басын арнайы бұрған екен. Оның де себебі бар. Сонау бір жылдары мешіт салына бастағанда бұл компания да өз үлесін қосқан екен. Енді араға бірнеше жыл салып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Бас имам Қуаныш қажы Сәбит қонақтарға мешіттің сәулетін көрсетіп, атқарып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Ең бастысы, бұл имани сананы қалыптастыруға үлес қосатын рухани орталық саналады. Сондықтан елдің бірлігі мен ынтымағын жарастыру дін адамының да басты міндеті іспеттес.
Артынан дастархан басында емен-жарқын әңгіме өрбіді. Елдік жайлы ойлар ортаға салынды.