Алланың елшісін еске алу кеші

Мәуліт айының құрметіне Ақмола облысы «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Адамзаттың кемеңгері» тақырыбында Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның өмірбаянын білу бойынша танымдық байқау өтті. Оған Жақия қажы және Науан хазірет мешіттерінің шәкірттері қатысты. Топтық жарыс “Таныстыру”, “Ұяшықтар”, “Сөзжұмбақ” және “Төрт сурет бір сөз” кезеңдерінен тұрды.

Осылайша мешіт шәкірттері өз білімдерін шыңдап, білмегендерін толықтырды. Жарыс нәтижесі бойынша  “Тахира” тобы бас жүлде алды.

“Нұр” (1 орын), “Ихсан” (2 орын), “Хикмет” (3 орын) иеленді.

Вам может также понравиться...