Науан хазірет мешітінде ілім сайысы өтті

Науан хазірет мешітінде жамағат арасында ілім сайысы өтті. Аталған сайыс кешкі дәрістер аясында оқытылған «Жәләләйн» тәпсірінің «Бақара» сүресі мен «Пайғамбарлар тарихы» кітабының толық аяқталуына орай ұйымдастырылды.
Ілім сайысының мақсаты – жамағаттың діни білімін бекіту, Құран тәпсірі мен пайғамбарлар тарихына деген қызығушылығын арттыру.






