Қадір түнгі тағылымдар
Мүфтияттың «Уағыз насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Науан хазірет» мешітіне Қадір түніне жиналған жамағатқа Қадір түнінің тағылымы жайлы әңгіме айтты. Мың айға татитын Қадір түні туралы әсерлі әңгіме қозғалды.
Құтпан намазы оқылып, жамағат тарауық намазына ден қойды.
Құран хатым дұғасы оқылып, тарауық намазы бойында өзінің хафиздік қабілетімен танылған мысырлық қари Ахмад Халимиге осы ерекше қызметі үшін ризашылық білдіріліп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылды.
«Науан хазірет» мешітінде Қадір түнін қарсы алуға арналған бағдарлама аясында бейне баян көрсетіліп, сұрақ-жауап шарамымен жалғасты.. Онда әртүрлі тақырыптарға жауаптар алынды.
Жамағат белсенділік көрсетті. Орайлы сауалға орынды жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.
Одан әрі тахажуд намазы оқылды. Сәресі дастарханы да өзінің молдығымен есте қалды. Осылай таң намазын оқып, Қадір түнінің тағылымына бөленген жамағат үйлеріне тарқасты.