Наиб мүфти имамдарға ихсан жайында дәріс оқыды
Мүфтияттың «Шариғат және пәтуә» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Қосшы қаласында Ақмола облысының аудан-қала имамдарымен кездесті. Семинар «Ихсан — рухани-тәрбие негізі» тақырыбында өтті. Онда діни-имани сауаттылық мәселесі қозғалды.
Имамдардың қызметіндегі күнделікті діни жұмыстарды жүргізудің рәсімдері, оның ішіндне пәтуә шығарудағы ұстаным әңгіме өзегіне айналды.
Соңынан Шейхтің жазған кітабы таратылып, таныстырылымы өтті.
Осы күні Мүфтият өкілі жергілікті имамдармен бірге Қосшы қаласында қазығы қағылған мешіт құрылысымен де танысты. Облыстық бағыныстық мәртебесін алған бұл қалада тұрғындар саны да артып келеді. Ал, іргелі бір мешіттің керектігі айдан анық.
Дін өкілдері «Дархан дала» жобасы аясында осында жерленген қазақтың қолбасшысы Қабанбай батырдың басына барып, зиярат етті.