Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жамағатқа сабақ өткізді

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Көкшетау қаласындағы Жақия Қажы мешітінде жамағатқа құптан намазынан кейін уағыз айтты.

Уағыз барысында наиб мүфти мұсылманның қырық парызына тоқталып, дін талаптарын дұрыс түсінудің маңызына назар аударды. Сондай-ақ мұсылман баласының күнделікті өмірінде кездесетін маңызды мәселелер, отбасы жауапкершілігі, көркем мінез, құлшылық және қоғам алдындағы міндеттер жайында насихат айтты.

Сансызбай Құрбанұлы жамағатты діни білімді арттыруға, парыздарды дұрыс орындауға және ислам құндылықтарын күнделікті өмірде ұстануға шақырды.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сауалдарын қойып, наиб мүфтиден тұшымды жауаптар алды.

Вам может также понравиться...