«Науан Хазірет» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Адилбеков Айбек Ақмола облыстық «Науан Хазірет» орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Ақмола облысының Бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы жаңа дін қызметкерін жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Адилбеков Айбек бұған дейін «Нұр-Мүбарак» университетінде исламтану мамандығы бойынша баклавр және магистратураны аяқтаған.