Құрбан айттың құрметіне құрбан шалынды, қайырымдылық жасалды.

Мұсылман қауым үшін айрықша мейрам — Құрбан айт ерекше ыждаһатта аталып өтілуде. Осы күнгі Айт намазына Ақмола облысы бойынша 17 мыңнан аса жамағат қатысты. Елдің тыныштығы мен адамдардың жан саулығы үшін дұғалар тіленді.
Өңірдегі әр мешіттің жанында мерекелік рәуіште шаралар өтті. Ұлттық ойын түрлері ойналып, жеңімпаздарға жүлделер табыс етілді. Қайырымдылық жәрмеңкелері де ізгілікке орайластырылды. Саудаланғаннан түскен қаражат мұқтаждарға жұмсалды.
Ал, Құрбан айттың алғашқы күні онлайн негізде және мал базарларында барлығы 732 қой және 31 қара мал шалынып, еті аз қамтылған отбасыларға таратылды.
Құрбан айт — діни мереке ғана емес, қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлінетін айтулы шара. Осы күні өткізілген ізгілік істер осыған айқын мысал болғанын көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...