Ақмола облысына РАНТ мүшесінің іс сапары.
Ақмола облысына ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы іс сапармен келіп, Бурабай ауданында «Жоғарғы техникалық колледжі» студенттерімен, ҚР ҚМ » Шоқан Уалиханов» атындағы әскери колледжі курсаттарымен кездесулер өткізіп, жастардың жаман әдеттерден аулақ болып, елге қызымет етудің маңыздылығы туралы уағыз — насихат жүргізді. Бурабай ауданы орталық мешітінде жамағатпен кездесіп, құлшылықта тұрақты болу, құлшылыққа мұқият қарау , дінді шынайылықпен ұстау жайында насихат айтты. Көкшетау қаласына ат басын тіреп , Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтып, қала имамдарымен «Талас — тартысты мәселелердің шығу себебі» атты тақырыпта семинар өтті.
Республикалық ақпараттық — насихат тобы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған. Өңірлерге жат — діни ағымның алдын алу , зиянды әрекеттер, ауызбіршілік т.б тақырыптарда уағыз — насихат айту мақтасында іс — сапарлар ұйымдастырып, халықтың күрделі діни сұрақтарына жауап беріп, діни ағарту бағыты бойынша жұмыстар атқарады.