Имамдар есеп берді

Бурабай кентінде Ақмола облысының аудан-қала имамдары бас қосып, жылдық есептерін берді. Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит осы ағымдағы жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралады. Толымды тұстарды да, кемшін жайларды тілге тиек етті. Әр өңірдегі өзекті мәселелерді де айтты. Ең бастысы, елдің діни сауатын ашу, теріс ағымдардан сақтандыру маңызды екеніне ерекше назар аударылды.

Өңір имамдары өз есептерінде Мүфтият бекіткен бағыттар бойынша жұмыстарды қалай ұйымдастыра алғаны жөнінде жан-жақты мағұлмат берді.

Енді келесі жылы да осы үрдістен түспеу, насихат шараларын жандандыра түсуге назар аударылатыны баса айтылды.

Вам может также понравиться...