Ақмола облысының дін қызметкерлері кезекті атестаттаудан өтті

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласы, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандарының діни қызметкерлері кезекті республикалық атестаттаудан өтті.
Атестаттау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық Бас мешіті ғимаратында ұйымдастырылды. Атестаттау барысында дін қызметкерлерінің діни білім деңгейі, Құран оқу машығы, фиқһ және ақида бойынша сауаттылығы, сондай-ақ уағыз-насихат жүргізу қабілеттері жан-жақты бағаланды.







