Көкшетауда екі қоғамдық тамақтану орнына «QMDB HALAL» куәлігі берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму.kz» ЖШС тарапынан Ақмола облысы, Көкшетау қаласында орналасқан екі қоғамдық тамақтану орнына «QMDB HALAL» талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік табысталды.

Атап айтқанда, жеке кәсіпкер «Клименко» ЖК-нің «Блок питания» сауда белгісімен қызмет көрсететін тамақтану орны және жеке кәсіпкер «Мухаметжанова» ЖК-нің «Nanduk» сауда белгісімен жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орны халал стандарттары бойынша тексеруден өтті.

Аталған нысандар халал стандарттары бойынша тексеруден өтіп, «Халал Даму.kz» талаптарына толық сәйкес деп танылды. Тексеру нәтижесінде өндіріс үдерісінің адалдық талаптарына сай екені расталып, куәліктердің жарамдылық мерзімі 2026 жылға дейін белгіленді.

Вам может также понравиться...