Берекелі айдың соңғы тарауихы: дұға, ықылас және ризашылық

Жамағатпен бірге осы жылғы қасиетті Рамазан айының соңғы тарауих намазы оқылды. Берекелі айдың соңғы сәттерінде мешітке жиналған жамағат ерекше рухани әсер алып, құлшылықпен кешті өткізді.

Тарауих намазынан кейін Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы жамағатпен бірге қол жайып, Рамазан айы бойы жасалған барлық игі амалдардың қабыл болуын тілеп, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

Сондай-ақ, намаз соңында жамағаттың қасиетті Құранды әсем даусымен оқып, ай бойы қызмет еткен қариға деген ризашылығы ретінде жиналған 1 000 000 теңге қаржы табысталды. Бұл — жамағаттың құрметі мен ықыласының айқын көрінісі болды.

Вам может также понравиться...