Садақшылар сайысқа түсті

Ұлы дала ұлтымыздың оғлан перзенттерінің, баһадүр батырларының аттың үстінен түспей, қызғыштай қорғағанының арқасында бізге жетті. Бүгін азат елміз. Тәуелсіздікті қорғау әрбір азаматтың борышы.

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігі  “Арқа мергендері” Ақмола облысының дәстүрлі садақ ату федерациясымен бірлесіп, республикалық садақшылар сайысын ұйымдастырды. Бұл спорт додасына еліміздің барлық облыстарынан ұлттық өнерді ботұмар еткен спортшылар келді.

Сайыс “жамбы ату” (30 метрден) және “Орта Азия” (40 метрден)  түрлері бойынша өтіп, жүзден жүйрік шыққандар анықталды. Сөйтіп, жарыс қорытындысында бас жүлде Ж. Жәнібекке (40 метр) бұйырса, қалған орындарды С. Зұлпыхаров және С. Жарилгатаев өзара бөлісті.

Отыз метрлікте бас жүлдені Ә. Мақсат иеленсе, ал Д. Абдулла және С.Жарилгатаевқа да жүлделер бұйырды.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит бұл шараның маңызды екенін айтты. Ерлік пен елдік қазақтың өн бойында бар асыл мінез. Бүгінгі жастарды осы ел қорғау ісіне тәрбиелеу келелі іс. Осыған мешіттің де үлес қосып жатқаны құптарлық жай.

Вам может также понравиться...