Ораза айттың өз тағылымы бар
Бүгін игі мұсылман әлемі үшін ерекше күн — Ораза айт мерекесі. Отыз күн ауыз бекіткен жамағат үшін қуаныш сыйлайтын мереке жер-жерде ерекше рәуіште аталып өтті.
Науан хазірет мешітінде құран оқылып, уағыз айтылды. Айт намазына келген жамағатты Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит Ораза айтпен құттықтады.