Түзету мекемесіндегі ауызашар
Рамазан айы да аяқталып қалды. Жергілікті мешіттер күн сайын ауызашар дастарханын жайып, ораза ұстағандарға ас мәзірін ұсынады. Кеше Көкшетау қаласына қарасты бірнеше түзету мекемелеріндегі ауыз бекіткен адамдарға ауызашар асы берілді. Бұл жолы барлығы 170-тей жазасын өтеуші жандар дәм татып, құлшылық айының қамқорлығына кенелді.