Бас мүфтидің кеңесшісі уағыз-насихат айтты

Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сейтбеков Ақмола облысындағы «Жақия қажы» мешітінде жұма уағызын айтты.

Смайыл Сүйерқұлұлы мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы тақырыбына тоқталып, мұсылманның өзге мұсылманға сәлем беруі, шақырса баруы, сырқаттанса жағдайын сұрауы, дүниеден өтсе жаназасына қатысуы керек екенін айтты. Сондай-ақ адамдардың теріс мінез-құлқына сабыр ету, қателігіне кешіріммен қарау жақындық байланысты үзіп алмауға себепші болатынын атап өтті.

«Кешіру – оңай амал көрінгенімен, адам нәпсісіне өте ауыр іс. Себебі нәпсі адамды терең ойландырмайды, жүрекке жеккөрініш сезімін, ыза мен кек салады. Осы кезде Алланың разылығын ойлап, Оның кешірімін үміт ете отыра, өзгенің қателігін кешіре білу – үлкен амал» деді Бас мүфтидің кеңесшісі.

 

Вам может также понравиться...