Көкшетауда Құран жаттау және сауат ашу орталығы ашылды
Қасиетті Жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көшетау қаласында өткен рухани шараларға қатысты. Науан хазірет мешітінде Жұма намазында жамағатқа уағыз оқыды. Мұсылмандар арасындағы бауырмалдық жайы өз сөзіне арқау етті. Адамдар бойындағы жақсы сипаттардың кісілік келбетінің шырайын келтіретінін де әңгімелеп берді.
Түстен кейін қаладағы ең байырғы Жақия мешіті жанында салынған Құран жаттау және сауат ашу орталығын салтанатты жағдайда ашты. Бұл орталық имандылыққа үндеп, адамдардың діни сауатын ашып, әртүрлі ағымдардан сақтануға дәнекер болады деді.
Бұл ер және қыз балаларға арналған орталықта ұлттық асық және басқа да ойын түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен бірге, жастар діни сауатын ашуға мүмкіндік алады.
Осыдан екі жарым жыл бұрын қолға алынға орталық құрылысына көп адамдар қол ұшын созды. Әркім қал-қадірінше үлес қосудың арқасында ғимарат межелеген уақытында салынды.
Бас мүфти және елдің зиялы қауым өкілдері орталық ішін аралап көрді. Бәрі осы заманғы талаптармен салынған. Алда жастар тәрбиесіне қызмет ететін болады.