Спорт жарысы қайырымдылыққа арналды
Бурабай мешіті қасиетті Ережеп айының құрметіне Щучинск қаласының мекемелері арасында волейбол спортынан турнир өткізді. Оның мақсаты әр командадан жиналған жиырма мың теңге көлеміндегі жарнаны мұқтаж адамдарға қайырымдылыққа жұмсау. Бұл Бас мүфтидің ізгі қоғам құру жөніндегі идеясымен де орайлас келеді. Бір жағынан дін мен дәстүрді қатар дамытуға көңіл бөлініп отырғанда, қоғамдағы мұқтаждар мәселесін де ұмытуға болмайды.
Сонымен бұл спорт сайысына он екі команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қорытындысында «Жұмысшы астық» құрама командасы жарыс жеңімпазы атанды. Ал, Бурабай аудандық мешіті және «Кіндікқарағай» командалары қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті.