«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақмола облысы имамдарының мәжілісі өтті

2026 жыл – «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақмола облысы имамдарының мәжілісі өтті.
Мәжіліс барысында 2026 жылға арналған жоспарлар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі бағыттар бойынша таныстырылып, сол бағыттар аясында атқарылатын міндеттер мен нақты тапсырмалар жүктелді.

Атап айтқанда, ҚМДБ бекіткен төрт басым бағытқа ерекше мән беріліп, әр бағыт бойынша жауапкершілік пен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Жиын соңында дін саласында жемісті қызмет атқарып, белсенділігімен көзге түскен бірқатар дін қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды.

Вам может также понравиться...