Ақмола облысының дін қызметкерлері кезекті атестаттаудан өтті

Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «Науан хазірет» мешітінде облыс имамдарының республикалық кезекті атестаттауы өтті.
Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 87 мешітте 187 дін қызметкері қызмет атқаруда. Оның ішінде 68 дін қызметкері атестаттаудың бірінші кезеңінен Астана қаласында сәтті өткен. Бүгінгі күні 108 дін қызметкері кезекті атестаттаудан өтуде.
Атестаттау шарасын өткізуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы комиссия мүшелері қатысты. Атап айтқанда:
– Сансызбай Құрбанұлы – Наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі;
– Смайыл Сүйерқұлұлы – Бас мүфти кеңесшісі;
– Бауыржан Абдуалиев – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі;
– Асан Әбдіқұлұлы – ҚМДБ Дін істері талдау бөлімінің меңгерушісі.
Атестаттау барысында дін қызметкерлерінің діни білімі, шариғи сауаттылығы, уағыз-насихат жүргізу деңгейі және қызметтік талаптарға сәйкестігі жан-жақты бағаланды.






