Ақмола облысында бірқатар мешіттерге жаңа имамдар тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Ақмола облысындағы бірқатар мешіттерге жаңа діни қызметкерлер тағайындалды.

Аталған бұйрыққа сәйкес Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Арайлы ауылдық намазханасында қызмет атқарған Тебереков Жасшан Ермекбаевич Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы аудандық «Нұралы би» мешітіне бас имам болып тағайындалды. Жасшан имам 2014–2019 жылдары Ресей Ислам институтында, сондай-ақ 2016 жылы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білім алған.

Сондай-ақ Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы аудандық «Нұралы би» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Хазтай Ерболат Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылындағы «Хусниддин Забихолла» мешітіне имам қызметіне тағайындалды. Ерболат имамға жергілікті жамағат тарапынан ризашылық білдіріліп, Умра қажылығына сертификат табысталды.

Сонымен қатар Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылындағы «Қажы Рафия ана» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Мұхамеджан Рамазан Абайұлы Ақмола облысы, Целиноград аудандық мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Рамазан имам 2018–2022 жылдары Шымкент медресе-колледжінде исламтану мамандығы бойынша, ал 2022–2025 жылдары «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде дінтану мамандығы бойынша білім алған.

Жаңа қызметке тағайындалған дін қызметкерлеріне жауапты міндеттерінде табыс тілейміз.

Вам может также понравиться...