Балаларға арналған эстафета

Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында Ақкөл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Құрбан айт құтты болсын!» эстафетасы өтті.
Аталған шараға жас жеткіншек балалар және мереке меймандары қатысты. Балалар арасында командалық жарыс ұйымдастырылды. Бұл аса қызықты да, тартымды сайыстарға ұласты.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Саят Ахметжанов қатысып, жиналған қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтады және эстафетаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құрбан айт мерекесін спорттық іс-шаралармен байланыстырып өткізуіміздің мақсаты — жастарды салауатты өмір салтына баулу. Сонымен қатар осы шараны өткізуге атсалысып, мұрындық болған спорт мектебінің жаттықтырушысы Дархан Құрымбаевқа алғыс білдіреміз.
Аудандық турнирге қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан мешітінің атынан мадақтама және құрбан айт тәттілері табыс етілді.

Вам может также понравиться...