Шара табиғат аясында өтті

Науан хазірет мешітінің ұйымдастыруымен «Құрбан айт- 2024» атты қыз-келіншектерге арналған іс-шара Letto park саябағында табиғат аясында өтті. Бұған алпысқа тарта адам қатысты. Мерекелік іс-шарада Зул-хиджа айының артықшылығы жайлы уағыз айтылып, Құранға түскен және сира сабағына үздік қатысқан мешіт шәкірттерін марапаттау, қыздар арасында садақ ату, викториналық сұрақтар қойылып, әртүрлі ойындар ойнатылды.
Кеш соңы мерекелік дастархан жайылды.

Вам может также понравиться...