Бауырмалдық — асыл қасиет

Науан хазірет мешітіндегі Жұма намазының уағызы туыстық және бауырмалдық тақырыбында өрбіді. Жамағат алдында РАНТ және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, “Бала би” Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев уағыз айтты. Бүгінгі күні адамдар арасындағы мейірімділіктің жетіспей жататыны еш жасырын емес. Осы тақырып терең қаузалды. Әсіресе, бір отбасы ішіндегі қарым-қатынас жайлы тереңірек әңгіме қозғалды. Арман Қуанышбаев Жақия мешітінде Құтпан намазынан кейін жамағатпен кездесіп, ер адамның сипаты жайлы тағылымды әңгіме айтты. Елін қорғар ер азамат туған жердің қорғаны ғана емес, отбасының да қамқоры. Осы турасында әсерлі ой қозғады.

Вам может также понравиться...