Қолдауға лайық жаңа бастама
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл «Ислам және отбасы құндылығы жылы» болып жарияланды. Осыған орай, Ақмола облысы имамдарының мәжілісі өтіп, онда жаңа бастамаға қолдау білдірілді.
Шарада жуырдағы Бас мүфтидің бағдарлық мақаласы талқыланып, ұлттық және діни құндылықтарды ұштастыра дамыту аса маңызды екені аталып көрсетілді. Діни насихат жұмысында үздік шыққандарға Алғыс хаттар табыс етілді.