ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БУРАБАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін елдің бар назары Абылайға хан ордасы болған Бурабайға ауды. Осында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық Құрылтайдың алқалы жиыны өтті. Осы шараға қатысуға келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бурабай аудандық мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа уағыз айтты. Шариғаттағы зекеттің тағылымы туралы әңгіме қозғады. Бес парыздың бірі саналатын зекетті кімдер беретіні, жағдайы келген адамның ырысы мен табысын еселейтінін атап өтті. Шынында да, бұл парыз амал болғандықтан жамағаттың өз ниетін түзеп, ниетті де, амалды да бір арнаға тоғыстыруы өте ғибратты деді Дінбасы.

Вам может также понравиться...