Біліктілікті көтеру семинары
Ақмола облысының Бас имамы Қуаныш қажы Сәбиттің бастамасымен Бурабай кентінің “Жібек жолы” мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар болып өтті. Онда Бас имам дін қызметкерлерінің білімін шыңдаудың маңыздылығын атап айтты . Білімді көтеруге арналған семинарды “Науан Хазірет” мешітінің наиб имамы Серік Халықов “Ихсан — рухани тәрбие негізі” және “Құран оқу ережелері“ тақырыбында дәрістермен бастады. ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы “Ислам тарихы және Фиқһ усулі”, “Науан Хазірет” мешітінің наиб имамы Ұлан Шәріпов “Дін және дәстүр құндылықтары” атты тақырыптарда дәріс оқыды.