Діни қайраткерлерге Құран бағышталды

Қасиетті Ораза айы бойы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен асыл дінімізге адал қызмет еткен қайраткер тұлғаларға және олардың рухтарына арналып ел бойынша 652 рет Құран хатым етілген еді. Сәуірдің 4-і күні Бас мүфтидің қатысуымен ислам дінінің дамуына үлес қосқан марқұм дін қызметкерлерінің рухына арнайы дұға оқылды.
Бұл рәсім Ақмола облысының мешіттерінде де өткізілді. Бас имам Қуаныш қажы Сәбит Қосшы қаласындағы мешітте Алладан дін үшін қызмет еткен марқұмдарға дұға тіледі. Науан хазірет мешітінде осы өңірде бар ғұмырларын дінге арнап, бақи болған тұлғаларға дұға жасалды.

Вам может также понравиться...