Тазалық иманнан
Мешіт -тазалықтың ошағы, имани қасиетті орын. Науан хазірет мешітінің имамдары мен дін қызметкерлері «Таза бейсенбі» шарасын өткізді. Бұл күні мешіт ауласын тазалады. Тазалық мешіттен басталатынын осындай мысалдардан көруге болады. Мешітке келімді-кетімді адамдар көп келеді. Сондықтан ауласы алқызыл гүлге, жайқалған ағашқа көмкерілсе, бұл да имани тазалықпен бірге, адам аяғын басатын жердің де тазалығы маңызды екенін көрсетсе керек.