«Науан Хазірет» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Баяхметов Досжан Беркенбайұлы Ақмола облыстық «Науан Хазірет» орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Ақмола облысының Бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы жаңа дін қызметкерін жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Досжан Беркенбайұлы бұған дейін 2012-2015 жылдар аралығында «Астана» медресе коллежін аяқтап, 2015-2022 жылдар аралығында Көкшетау қалалық «Жақия Қажы» мешітінде қызмет атқарып, 2022-2024 жылдары «Нұр-Мүбарак» университетінде «исламтану» мамандығы бойынша баклавр мамандығын аяқтаған.






