«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты рухани Мәуліт кеші өтті

Көкшетау қаласындағы Орталық Науан хазірет мешітінде «Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты рухани Мәуліт кеші өтті.

Алланың қалауымен бұл кешке 120-дан астам апалар мен қыз-келіншектер қатысып,
Пайғамбарымызға (с.а.у) деген сүйіспеншіліктерін, сағыныштарын жүрекпен сезінді.

Кешіміз Құран оқумен басталып, Пайғамбарымызға (с.а.у) салауаттар айтылды.
Мектеп оқушылары ұсынған сахналық көрініс көпшіліктің жүрегін елжіретіп, көзге жас алдырды.
Бұл көрініс Пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өмірінен алынған тағылымды үлгі болды.

Кештің ортасында уағыз-насихат айтылып, имани тәрбие туралы сөз қозғалды.
Қызықты ойындар ойнатылып, қатысушыларға керемет сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, мешітіміздің тазалығы мен ас дайындауға жауапты жандар да ескерусіз қалмады –оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Берекелі Мәуліт кеші жүректерге иман нұрын себелеп,
Пайғамбарымыздың (с.а.у) асыл өнегесін тағы бір еске салған рухани сәтке айналды.
Алла тағала осындай игі шараларды сауаптан жазғай!«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті.

 

Вам может также понравиться...