Степногорск қаласындағы кездесулер

«Әл-Ғани»  мешітінің наиб имамы,  РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет Степногорск қаласында әртүрлі мекемелерде дін мен иман тақырыбына кездесулер өткізді. Осы шаралардың аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3517-інші әскери бөлімінде жауынгерлермен жүздесті. Оларға радикалды идеологияны насихаттаудың зардаптары туралы әңгімелеп берді. Жүзден аса адам қатысқан бұл шара барысында сарбаздарға иман жайлы көп мағұлмат берілді.

Ал,  Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты № 5 мекемесінде мазһаб ұстанудың маңызы түсіндірілді. Себебі, бүгінде мазһаб ұстанбай,  ағымдар арбауына түскендер көп. Адаспаудың бір жолы — бабалар салған соқпақпен жүру деді ол.

Жергілікті «Мақсат»  колледжіндегі әңгіме арнасы да дәстүрлі емес діни ағымдардың әлеуметтік желілер арқылы арбауы туралы болды. Студенттер де сауалдар қойды. Оларға ой салатын әңгіме айтылды.

«Паң Нұрмағамбет»  мешінде жамағатқа да уағыз сөзін арнады. Онда мұсылмандық парыз істерге тереңірек тоқталды.

Ақмола облысына келудегі басты мақсаты—имани үгіт-насихат жүргізу болатын. Бәрі өзінің орайымен жалғасты. Кездесулерде есте қаларлық тағылымды діни хикаяттар тілге тиек етілді. Көптің көңілінен шыққаны сөзсіз.

 

Вам может также понравиться...