Қасіретті тарихқа тағзым: Нұр мешітіндегі қайырымдылық шарасы

23 ақпан 1944 – шешен халқының жер аударылған қайғылы күні.
Осы қасіретті оқиғаны еске алып, тағдыр тәлкегін көрген көргендердің рухына дұға бағыштап, Нұр мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Мұқтаж жандарға азық-түлік таратылып, рухани қолдау көрсетілді. Бұл игі амал – өткенге тағзым, бүгінгіге шүкіршілік, бірлік пен мейірімге шақыру.
Алла Тағала қиындық көрген барлық халықтың жүрегіне сабыр берсін. Дініміздің өсиеті бойынша жақсылық жасау – әрбір мұсылманның міндеті. Осы шараға атсалысқан барлық жомарт жандарға Алла разы болсын!







