Қысқа маусымға қам жасалды

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбиттің төрағалығымен өткен аудан — қала имамдарының басқосуында мешіттердегі қауіпсіздік мәселелері қаралды. Мешіттер қысқы отынының қорын жасап, ғимараттарды жөндеп, осы бастан қам жасау керектігі айтылды. Бұл ретте құрылыс пен жөндеу жұмысы жүріп жатқан мешіттерде техника қауіпсіздігінің сақталуына көңіл бөлу керек.
Ал, мешіттерді жылытатын кезде пештердің қауіпсіз болуы қатаң ескерілгені жөн. Осы жайлар жиналыстың күнтәртібінде қаралды.

 

Вам может также понравиться...