Ақмола облысында халал мекемелерге тексеріс жүргізілді

2025 жылдың 17-18 қыркүйек күндері Ақмола облысының Щучинск, Бурабай және Көкшетау қалаларында орналасқан бірқатар мекемелерге халал стандарттарының сақталуына байланысты тексеріс жүргізілді.

Атап айтқанда, «Бижан» ет фабрикасы, «Гормолзавод» және «Садовое» сүт зауыттары, «Жібек» жартылай фабрикаттар өндірісі тексеруден өтті. Сонымен қатар, халал тағам талаптарына сәйкес қызмет көрсететін тамақтану орындары да назардан тыс қалмады. Оның ішінде: «Евде», «Дегірмен», «Центр плова», «Төр», «Тары», «Достан», «Центр Лагмана», «Ланджоу» сынды қоғамдық тамақтану орындары тексерілді.

Тексерісті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесінен арнайы технолог маман жүргізді.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – халыққа ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің шариғат талаптарына сай, таза әрі адал болуын қамтамасыз ету.

Вам может также понравиться...