«Ықылас» мешітінде Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті
Көкшетау қаласындағы «Ықылас» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай арнайы ас берілді. Мерекелік шара барысында жамағат арасында бір апта бойы салауат айту жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ мәуліт жыры оқылып, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен сирасынан үзінділер айтылды. Бес уақыт намазға тұрақты келіп жүрген ақсақал жамағатқа шапан жабылса, мешіт ісіне әрдайым қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкер ағамыз да құрметпен шапанмен марапатталды.
Бұл шара жамағатты ізгілікке, бірлікке және сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген махаббатты арттыруға бағытталды.