«Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты семинар өтті

Өңір имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында ихсан ұғымы жан-жақты талданып, қатысушыларға терең рухани әрі интеллектуалды мағлұматтар берілді.
Жиында ихсан ілімінің адам тәрбиесіндегі орны, оның қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жамағатпен нәтижелі жұмыс жүргізудің тиімді жолдарының бірі ретінде ҚМДБ ұсынған «Ихсан» кітабының маңыздылығы атап өтілді.
Семинар имамдардың рухани білімін арттырып қана қоймай, олардың жамағатпен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін жетілдіруге ықпал еткен маңызды басқосу болды.






