Ақмола имамдарына «Жат ағым өкілдерін оңалтудың заманауи тәсілдері» атты семинар өтті

 

 

 

 

 

Ақмола облысының аудан имамдарына арналған «Жат ағым өкілдерін оңалтудың заманауи тәсілдері» атты екі күндік семинар өтті.

Семинардың алғашқы күні Көкшетау қаласында ұйымдастырылып, жиынға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ РАНТ мүшесі Қаюпов Ислам Маратұлы және KAZGUU университетінің «Қазақ және ислам құқығы» орталығының философия ғылымдарының кандидаты, профессоры, ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшесі Жалғас Садуахасұлы Сандыбаев спикер ретінде қатысты.

Жиын барысында жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері, оларды оңалту және қоғамға қайта бейімдеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар имамның рухани болмысы, діни білім, әдеп пен ихсан тақырыптарына кеңінен тоқталды.

Семинардың екінші күні Бурабай кентіндегі «Жібек жолы» мешітінде жалғасты. Бұл күні қатысушыларға жат ағымдардың алдын алу, теріс діни түсініктерді түзету және азаматтармен жеке жұмыс жүргізу бағытында практикалық тұрғыдан маңызды ақпараттар ұсынылды.

Спикерлер имам қызметіндегі білім мен біліктіліктің, көркем мінез бен сабырлылықтың, сондай-ақ әр адаммен жеке тіл табыса білудің маңызын атап өтті.

Екі күндік семинар барысында аудан имамдары өзара тәжірибе алмасып, көкейдегі сауалдарын мамандарға жолдады. Жиын діни қызметкерлердің кәсіби және рухани біліктілігін арттыруға, жат ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге бағытталды.

 

Вам может также понравиться...