Қорымдарға цифрландыру жүргізіледі

Көкшетау қаласына “Qamqor Sharapat” салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы және “Sharapat digital “ орталығының директоры Еркін Тойжанов келді. Осында облыстың аудан-қала имамдарын жинап, зират қорымдарды цифрландыру тақырыбында семинар өткізді. Уақыт талабына орай жаңашылдық бастамалардың бірі ретінде цифрландыру жан-жақты қолға алынып жатқанынан хабардар етті.
Дін қызметкерлерін толғандырған сауалдарға жауап берді. Атақты дін ғұламасы Науан хазірет жерленген зиратқа барып, Құран оқыды. Қорымдарды цифрландырудың үлгісін көрсетті.
Науан хазірет мешітінде мәйітхана салынған еді. Соны ресми ашты. Енді онда жерлеу рәсімдері өткізіледі.

 

 

 

Вам может также понравиться...