Сайыс діннің де, ұлттың да дәстүрлеріне арналды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл «Ислам мен дәстүр құндылығы жылы» болып бекітілген еді. Осыған орай Науан хазірет мешітінде қыз балаларға арналған білім сайысы өтті. Онда сира, фиқх, ақида және қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша білімдерін ортаға салды. Төрт топқа бөлінген алпысқа тарта шәкірт өзара бақ сынасып, танымы мен білімі жоғары шәкірттер топтары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Сөйтіп, «Кәусар» тобы бас жүлде алса, «Мариям», «Ниса», «Жәннәт» топтары қалған жүлделі үш орынды иеленді.
Ал, мешіт жанындағы «Әз аналар» мектебінің мүшелері сайысқа қатысушыларды саралап, әділқазылық етті. Мұндай шаралар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады.