Құрбан айтты ыстық ыждахатпен өткізу керек

 

Енді бірер күннен кейін мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесі аталып өтіледі. Осы діни мереке қарсаңында Ақмола облысының аудан-қалалары имамдары бас қосқан жиналысы өтті. Басқосуға төрағалық еткен Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит өз сөзінде діни рәсімнің тағылымдық сипатына тоқталды. Құрбан шалу рәсімін жүргізудің жай-жапсарын пысықтады. Имамдарға жер-жерді ұйымдасқан түрде мерекені ұйымдастыруды тапсырды.

Бұл ретте құрбан мал шалу кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігі айтылды. Мал сойылатын орындар жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, халықтың да әуре-сарсаңға түспеуі аса қажет деген ой түйілді.

Вам может также понравиться...