Балаларға қуаныш сыйлады
«Зекет және Қайырымдылық» қорының ұйымдастырумен 1 маусым — Балалар күніне орай церебральды сал ауруы бар балаларға түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды.
Мұндай шара жыл сайын дәстүрлі өтіп келеді. Мешіт әрдайым ізгілікті насихаттайды. Кішкентай сәбилерге қуаныш сыйлау да дініміздегі тағылымды арналардың бірі. Бұл шараға Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит және танымал ақын Арман Бердалин қатысты.