Ұлттық дәстүр дінмен біте қайнасқан

Әр ұлттың өз дәстүрі бар, дінмен біте қайнасқан жолы бар. Ізгілік пен ізеттіліктің, адамгершілік пен адалдықтың, имандылық пен ибалықтың қайнар бұлағы тереңде болса, ұлт тарихы қашанда тағылымды болмақ. Кешегі көшпенді қазақтың мәдениетіне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, тіліне, ділі мен дініне қиянат жасағанына көне тарих куә. Бірақ, елдің тілі де, тарихы да сақталып, бүгінгі күнге жетті. Қазақ тілінде «әдеп» сөзінің астары терең. Бұл инабаттылықтың, имандылықтың, адамгершілік пен сыпайылықтың мағынасын білдіретін,үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қазақы тәлім-тәрбие, ізгілікке баулу барысында қолданылып жүрген сөз. Ислам әдебі жеке бір адамның, топтың немесе қоғамның ойдан шығарған заңдылығы емес. Ол Алланың кітабы мен Пайғамбар (с.а.у) сүннетіне, шариғат қағидаларына негізделеді. Ақмола облысы Целиноград ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Самыргүл ұстаздың ұйымдастыруымен Ақмол мешітінде «Әдептілік — Пайғамбардың сүннеті»атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада Ислам әдебі мен салт-дәстүріміздің ұштасқан айқын көрінісі көрсетілді. Шәкірттер үш топқа бөлініп Ислам әдебінен сайысқа түсті. Осылайша жарыс қорытындысында “Ғибрат” тобы бас жүлде алды. “Ясин” және “Кәусар”топтары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Соңында әдеп туралы уағыз айтылып, шәкірттерге сыйлықтар таратылды.

Вам может также понравиться...