Оқыс оқиға мешітте болмаған!

Ақпарат көздеріндегі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылында орын алған оқиғаның мешітте болмағанын мәлімдейміз.

Сабынды ауылында «Жақсыкелді» мешіті халыққа қызмет жасап тұр.

Жарылыс болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды себебі жаңа мешіт салынды.
Жаңа мешіт салынған соң ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген.

Қаза болған кісілердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала көркем сабыр бергей.

Вам может также понравиться...