Ақмола имамдары жылды қорытындылады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы жылды «Дін мен дәстүр құндылығы» атауымен өткізуге бастама көтерген еді. Ақмола өңірінде бұл бастама қалай орындалғаны жөнінде әр аудан және қала имамдары есеп берді.
Бурабай кентінде өткен басқосуда облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит жыл қорытындысына арналған жұмыстарды саралай келе, кемшін тұстарды да, жағымды жақтарын да атап көрсетті. Алда осы бағытта ұлттық дәстүрді діни салттармен ұштастыру жалғасады деді.