Ақмола облысының шәкірттерімен “Нұр-Мүбаракта” кездесу өтті
Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы “Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті” университетінде білім алып жүрген Ақмола облысының студенттерімен кездесті.
Қазіргі таңда аталған жоғары оқу орнында Ақмола облысынан 48 студент діни ілім жолында білім алуда. Кездесу барысында өкіл имам шәкірттерге ілімнің маңызы мен дін қызметіндегі жауапкершілік жайында тағылымды насихат айтты.
Шәкірттер құрметіне арнайы дастархан жайылып, сұхбат форматында рухани әңгіме өрбіді. Сонымен қатар жиын барысында Ақмола облысы әкімдігінің тарапынан көрсетіліп отырған қолдау туралы айтылды. Бұған дейін ақылы негізде оқып жүрген шәкірттерге Ақмола облысының әкімдігінің атынан 400 мың теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы берілсе, 2025–2026 оқу жылынан бастап бұл сома 800 мың теңгеге артты. Аталған көмек 6 шәкіртке көрсетілетін болады.