Жастарға уағыз айтылып, дастархан жайылды
Қадір түні «Науан хазірет» мешітіне келген адам көп болды. Жастар өкілдері де аз болмады. Осы түннің қасиеті айтылды. Жастар алдында Әділбек Нұржауар тағылымды әңгіме айтты. Жастарға ұлттық құндылықтар мен діни рәсімдердің жай жапсарын тілге тиек етті.
Келелі әңгіме дастархан басында ауызашар асына ұласты.