Ораза айт намазы оқылды

Отыз күн ораза да өте шықты. Ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық еткен мұсылман қауым үшін Ораза айты да бастау алды. Өңірдің барлық мешіттерінде Айт намаздары оқылды.

Науан хазірет мешітінде Айт намазы асқақ рәуіште өтті. Адамдардың жүзінде қуаныш лебі есіп тұрды. Елдегі су тасқынынан жапа шеккен адамдарға дұға тіленді.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит  барша қауымды айтулы Айт мерекесімен құттықтап, елдің амандығына дұға етті.

Вам может также понравиться...