Пітір садақа – мұқтаждарға
Қасиетті Рамазан айының тағылымы өте мол. Адамдар ораза ұстап, Алланың разылығын алады. Жан басына пітірлерін беріп, саулығына қам жасайды.
Міне, осы пітір садақа мұқтаж жандарға берілсе сауабы көп. Науан хазірет мешіті Ораза айт құрметіне жүз адамға әрқайсысына 25 мың теңгеден қайырымдылық көмек көрсетті. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит пітір садақаның мұқтаж жандарға берілгені дініміздегі ізгілік пен мейірімділіктің бір көрінісі деді. Осы қайырымдылық шараға “Ақмола-Тіршілік” серіктестігінің директоры, жазушы Жабал Ерғалиев пен Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев қатысты.